



MEGA RESTAURANTS
20-дан астам мейрамхана концепциясы
MEGA мейрамханаларында жаңа дәмге ғашық бол

JINAU – Орталық Азияның әртүрлі дәмнен, жергілікті және фермерлік өнімдерден шабыл алған мейрамхана. JINAU – тек егін науқанын ғана білдірмейді, сонымен қатар қонақтарды бір дастархан басына жинау денгеді де білдіреді.
MEGA Alma-Ata, 3 қабатКүнделікті 10:00-00:00


Шығыс Жерорта теңізінің концептуалды мейрамханасы. Біздің қонақтар грек, ливан, араб және түрік тағамдарының дәмін тата алады. Ең жақсы ингредиенттер мен жаңа өнімдер Byblos-тағы әрбір тағамның негізі. Тағамдар дәстүрлі рецепттерді заманауи қызмет көрсету және безендіру тәсілімен біріктіреді.
MEGA Alma-Ata, 3 қабатКүнделікті 10:00-22:00

Алматының жаны бар франциялық бистро классикасы. Бистро классикасынан шабыт алып, таныс гастрономиялық комбинацияларды қолдану арқылы жергілікті тағамдарға жаңа дәм бердік. Таңертең алматылық таңғы астан бастауды ұсынамыз, стартерлер арасында шортан уылдырығы бар картоп бауырсақтарын таңдап, ыстық тағамға көксеркеден әзірленген фиш-энд-чипстан дәм татуды ұсынамыз
MEGA Alma-Ata, 1 қабатКүн сайын 10:00-22:00

Париж көңіл-күйін жеткізетін қалалық кафе. Бұл ортада талғамы жоғары дәмді тағамдар мен кондитерлік өнімдерден дәм татуға асыққан адамдар бас қосады, ас үй тәжірибесімен бөлісетін, сонымен бірге қонақтарға қамқор болу мен жайлылық сезім беруді ұнататын орта қалыптасқан. Авторлық тағамдар мен хош иісті кофе ұсынады.
MEGA Alma-Ata, 2 қабатДс-жм: 09: 00-22: 00; Сен-Жек: 10:00-22:00

Жапон тағамдарын ұнататындар тіл үйіретін нәзік роллдарға таңдай қағатыны сөзсіз. Қытай тағамдарын ұнататындар шырынды дамплинг пен ащы Гунбао тауық етінің хош иісіне қанығады. Тайландтың көше тағамдарын сағынғандар үшін біз Бангкоктың халық қарасы көп көшелерінің атмосферасын сезіндіретін ыстық вокта пісірілген кеспе мен күріш ұсынамыз.
MEGA Alma-Ata, 2 қабатКүнделікті 10:00-22:00

Заманауи италиялық отбасылық мейрамхана. Мұндағы ашық асүйде талантты аспаздар қолдан жасалған паста пісіріп, жаңа піскен нан жауап, пицца қамырын ауаға лақтырып жатқанын көруге болады. Aл Agora сүйікті шарапжиынтығы италиялық шараптардың, жаңа коктейльдердің және керемет ірімшіктердің әсерлі таңдауын ұсынады.
MEGA Alma-Ata, 2 қабатКүн сайын 10:00-23:00

Халықаралық оңтүстік африкалық теңіз өнімдері мейрамханалары желісі. Брендтің негізгі құндылығы – отбасы және отбасылық дәстүрлер, сондықтан мәзірдегі ең танымал тағамдар – компанияға арналған теңіз өнімдерінен жасалған платтерлер.
Мега-2, 3 қабат10:00-23:00

Дәмді тағамдар және аты аңызға айналған корей қонақжайлылығы. Бізге қонаққа келгенде сіз корей халқының денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің кепілі болатын Суросанның патшалық көңілмен әзірленген тағамдарын немесе Хансик классикалық тағамдарынан дәм тата аласыз.
MEGA Alma-Ata, 3 қабатКүн сайын 10:00-00:00


Әлемдегі ең танымал кофеханалар желісі. Бұл жерде сіз әрдайым дәмді кофе мен кондитерлік өнімдер табасыз, бір бас сұққан адам кеткісі келмейтін жайлы орта. Баристаның қонаққа ұсынған бір шыны кофесі – бір сәтте орындалады. Бірақ дәл осы сәтте біз бен қонақ арасында байланыс орнайды.
MEGA Alma-Ata, 1 қабатКүн сайын 10:00-23:00

50-ден астам нан және 500-ден астам нан өнімдерін ұсынатын халықаралық наубайхана желісі. Дәстүрлі француз круассандары, бутербродтар, торт, эклер мен макарони. Мәзірде сондай-ақ, нағыз француз пияз сорпасын және басқа да еуропалық тағамдар табасыз.
MEGA Alma-Ata, 2 қабатКүн сайын 9:00-22:00

Жайлы демалу, сапалы тамақ, жағымды атмосфера және арпа сусындарының әртүрлілігі
MEGA Alma-Ata, 2 қабатЖс-Бс: 10:00 - 00:00 Жм-Сн: 10:00 - 02:00

Өзіңізді күні бойы қуатты сезінуге мүмкіндік беретін жайлы және қонақжай наубайхана. Біз осы жерде дәм татып немесе өзіңізбен бірге алып кетуге болатын және сапалы өнімдерден әзірленген талғампаз тағамдық қасиеттерді біріктіретін дәстүрлі француз өнімдерін ұсынамыз.
MEGA Alma-Ata, 2 қабатКүн сайын 09:00-22:00

Итальялық мейрамхана. Олар жанды жылытатын тағамдарды ұсынып қана қоймай, сонымен қатар ең кішкентай қонақтарға қамқорлық жасайды: балаларға арналған ойын алаңы мен балалар мәзірі бар.
MEGA Alma-Ata, 3 қабатКүн сайын 10:00-23:00

COCO - Лондон аспазшысы жасаған әртүрлі gourmet street-food. Мәзірдегі үш негізгі мүмкіндік. Негізгі ерекшелігі - дәмдеуіш тауық еті. Мысалы, Хани баттер тұздықтағы тауық еті, кочуджан тұздықтағы қанаттар және бургер
MEGA Alma-Ata, фуд-корт 2 қабатКүнделікті 10:00-23:45


Broadway Burger - Haute Cuisine ережелері бойынша жасалған стритфуд «Broadway» - өткен ғасырдың 60-80 жылдарында шығармашыл жастардың тұрақты бас қосатын орны болған Қабанбай батыр көшесіне құрмет.
MEGA Alma-Ata, фуд-корт 2 қабатКүнделікті 10:00-23:45


Coffee Boom Roasters & Bakery-ге қош келдіңіздер! Мұнда сіздерді тек кофе және нан өнімдері ғана емес, әр детальға баса назар аударылатын нағыз қонақжайлылық қарсы алады!
MEGA Alma-Ata, 2 қабатКүнделікті 10:00-00:00


«Нават» шайханасы — қазақ мәдениетінің дәстүрлері тірілген, жайлылық пен жылылықты сезінуге болатын ерекше орын. Шынайы интерьері, ұлттық тағамдарының ерекше дәмі және әрбір ұсақ бөлшекке мән берілуі «Наватты» шығыстық қонақжайлықтың айнасына айналдырады.Мұнда әр нәрсе үйлесім тапқан: хош иісті шай мен шығыстық тәттілерден бастап, бауырсақ, бесбармақ пен манты секілді дәстүрлі тағамдардың бай дәміне дейін. «Нават» — өткен дәстүрлерді құрметтеп, заманауи жайлылықпен үйлестірген ерекше кеңістік.
MEGA Alma-Ata, 2 этажКүнделікті 10:00-00:00
ең жақсысын көріңіз

Жасыл лагман сиыр еті мен саңырауқұлақтармен

Картофель баурсақтары, қаймақ, шоқи уылдырығы

Алматы таңғы ас, жылқы етімен

Табақтағы тауық шаурмасы
